Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1802XEC

Страница 90

Advertising
background image

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа samsung кір жуғыш

машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді.

Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы

жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

• Қуатты үнемдеу

Арнайы көпірік генератор жүйесі және тыныш айналатын түрлендіргіш қозғалтқышы

бар стандартты А рейтингті құрылғымен салыстырғанда, бұл үлгі қуатты тиімді

пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

• VRT PLUS (Дірілдеуді азайту технологиясы, таңдалған

үлгілер)

Бұл Samsung кір жуғыш машинасы дірілдің ең төмен мүмкіндігін беретін 3D діріл

датчиктерімен және ақылды басқару технологиясымен шуыл мен діріл деңгейін

азайту арқылы тым дыбыссыз жұмыс істейді. Сөйтіп, барабан мінсіз балансты

сақтайды.

• Eco Bubble™ жуу

Samsung компаниясының тиімді Eco Bubble мүмкіндігі қосымша мата күтімімен

жақсартылған тазалықты береді. Eco Bubble мүмкіндігі ұнтақтың тегістей таралуына

және маталарға жылдам әрі тереңірек кіруіне мүмкіндік береді.

• Сыртқы киім

Samsung кір жуғыш машинасын Eco Bubble мүмкіндігімен бірге пайдалану, кір

жуғыштың сыртқа киілетін киімдер үшін ерекше күтім ұсынатын біле отырып, су

өткізбейтін киімді бұрынғыдан бетер ыңғайлылықпен жууға мүмкіндік береді. Eco

Bubble жасаған көпіршікті орта су өткізбейтін қабатты қатты соққыдан және желінуден

болатын зақымнан қорғайды, сыртқа киілетін киімге келетін зақымды азайтады және

нәзік маталардың өзге түрлерін де қорғайды.

• Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір

жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан

кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар

кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге

асады.

• Жүнді жууға арнайы сертификатталған

Кір жуғыш машина машинамен жууға болатын жүн өнімдеріне арналған Woolmark

компаниясының қажетті техникалық шартына сай сынақтан өтті. Бұл таңба жуу

көрсеткішіне ғана емес, жүн өнімдерінің маталарының күтіммен жуылатынына

кепіл беретін қазіргі Woolmark шартынан да жақсырақ болып келетін жаңартылған

сертификаттау болып табылады. Маталар Woolmark және Samsung компаниялары

ұсынғандай киім жапсырмасындағы нұсқауларға сай жуылуы қажет.

Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ

әсер етуге байланысты жүреді.

• Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге

асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді

ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар

болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

Advertising