Жинау, Пайдалану – Инструкция по эксплуатации Bosch PSR 960

Страница 37

Advertising
background image

Қaзақша | 37

Bosch Power Tools

1 609 92A 06B | (26.3.13)

Сәйкестік мәлімдемесі

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60745,
2011/65/EU, 2004/108/EC, 2006/42/EC ережелеріндегі
анықтамалары бойынша.

Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, Postfach 10 01 56,
D-70745 Leinfelden-Echterdingen

Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
11.10.2011

Жинау

Аккумуляторды зарядтау

Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған
аккумулятор толық сыйымдылығына шамамен 5 зарядтау-
заряды таусылу циклынан кейін жетеді.

Аккумуляторды шығару үшін 7 аккумуляторды босату
түймесін 6 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
шығарыңыз. Бұл кезде күшті қолданбаңыз.
Аккумулятор теріс температуралық коэффициенті бар
температураны басқару функциясымен жабдықталған, ол
тек 0°C - 45 °C температуралық режим шектерінде
зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша ұзақ пайдалану
мерзіміне қол жетеді.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Жұмыс құралын ауыстыру
(А суретін қараңыз)

Аккумуляторды электр құралмен кез келген

жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

Тез қысу патронының 1 артқы гильзасын 3 берік ұстап
тұрыңыз және алдыңғы гильзаны 2

 бағытында жұмыс

құралын салу мүмкін болғанша бұраңыз. Құралды
салыңыз.

Гильзаны тез қысу патронының тұтқасымен 1

бағытында сартылдаған дыбыс кеткенше бұраңыз.
Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.

Бұғаттау алдыңғы гильзаны 2 қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.

Бұрап бекіту құралдары
Қондырма биталарды 5 пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты 11 пайдаланыңыз. Тек шуруп басына
жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.

Бұрғылау патронын ауыстыру

Бұрғылау шпинделінің патроны жоқ электр құралдарда
патронды Bosch электр құралдарының сервистік
орталығында ауыстыруға болады.

Бұрғылау патронын шамамен 35 - 40 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.

Шаңды және жоңқаларды сору

 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар

және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.

Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Аккумуляторды орнату
Тек электр құралдың зауыттық тақтайшасында

көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз.
Басқа
аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе
өртке әкелуі мүмкін.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 9 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 7 разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.

Айналу бағытын орнату (В суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 9 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 8 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 9 солға тірелгенше басыңыз.

Dr. Egbert Schneider
Senior Vice President
Engineering

Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9

OBJ_BUCH-600-005.book Page 37 Tuesday, March 26, 2013 5:12 PM

Advertising