Кескіндерді жіберу жəне көру – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 220 HS
Страница 100
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
30
Кескіндерді жіберу жəне көру
z
[Import Images from Camera/Камерадан
кескіндерді импорттау], содан кейін [Import
Untransferred Images/Жіберілмеген
кескіндерді импорттау] түймесін басыңыз.
X
Компьютерге бұған дейін жіберілмеген
барлық кескіндер жіберіледі. Жіберілген
кескіндер түсірілген күні бойынша
сұрыпталып, «Pictures/Кескіндер»
қалтасына салынған бөлек қалталарға
жазылады.
z
Кескіндерді жіберіп болған соң,
CameraWindow бағдарламасын жабыңыз.
z
Камераны өшіріп, кабельді ажыратыңыз.
z
Кескіндерді компьютер арқылы көру туралы
толық мəліметтерді [Руководство
по программному обеспечению/
Бағдарламалық құрал туралы нұсқауллық]
қараңыз.
Кескіндерді жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кескіндерді жіберу
функциясын пайдаланбай, жай ғана камераны компьютерге жалғау арқылы
жіберуге болады.
Бірақ онда шектеулер болады.
•
Камераны компьютерге жалғағанда, кескіндерді бірнеше минуттан кейін
ғана жіберуге болады.
•
Тік етіп түсірілген кескіндер көлденең қалыпта жіберілуі мүмкін.
•
Компьютерге жібергенде, кескіндерді қорғау параметрлері жоғалуы мүмкін.
•
Пайдаланылатын амалдық жүйеге, файл көлеміне жəне бағдарламалық
құралға байланысты кескіндерді немесе кескін туралы ақпаратты жіберу
барысында ақаулық орын алуы мүмкін.
•
Жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кейбір функциялары істемеуі
мүмкін, мысалы: бейне фильмдерді өңдеу жəне кескіндерді камераға
жіберу.