Ең алдымен мынаны оқыңыз шартты белгілер – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 1100 HS

Страница 73

Advertising
background image

3

Суреттің дұрыс түсірілетінін тексеру үшін, бірнеше сынақ суретін түсіріп, қарап

көріңіз. Canon Inc. компаниясы, оның еншілес компаниялары, сондай-ақ

таратушылары камераның немесе оның қосалқы құралдарының (соның ішінде

жад картасының) ақауы əсерінен суретке түсіру сапасы нашарлауы немесе

кескіндерді құрал арналып жасалмаған жолмен түсіру нəтижесінде болған

шығындар үшін жауап бермейді.

Берілген камерамен түсірілген кескіндер тек жеке мақсаттарда пайдалануға

арналған. Авторлық құқық иесінің алдын ала берілген рұқсатынсыз авторлық

құқықпен қорғалған кескіндерді жазбаңыз. Кейбір жағдайларда камерамен

немесе басқа суретке түсіру құрылғысымен қойылымдардың немесе

көрмелердің суреттерін көшіру, сонымен қатар коммерциялық мақсаттағы

нысандарды түсіру авторлық құқықты жəне жеке пайдалану мақсатымен

түсірілген болса да, заңмен белгіленген басқа да құқықтарды бұзушылық

болып есептелуі мүмкін.

Камераның кепілдігіне қатысты шарттарды жинаққа кіретін кепілдік

жүйесінің жинақшасынан қараңыз. Canon тұтынушыларын қолдау

қызметінің мекенжайларын кепілдік жүйесінің жинақшасынан қараңыз.

Сұйық кристалды монитор жоғары прецизия технологияларын пайдалану

арқылы жасалады. Пикселдердің 99,99% шамасынан артығы техникалық

талаптарға сəйкес жұмыс жасайды, бірақ кейде жұмыс жасамайтын пикселдер

ашық немесе қара нүктелер түрінде көрсетілуі мүмкін. Бұл ақау болып

табылмайды жəне түсірілетін суретке ешқандай əсерін тигізбейді.

Тасымалдау барысында сырылып қалмауы үшін, СК-мониторды жұқа

пластик үлдірмен жауып қоюға болады. Ондай жағдайда камераны

қолдану үшін, үлдірді алып тастау керек.

Камераны ұзақ уақыт пайдаланғанда абай болыңыз – корпусы қызып кетуі

мүмкін. Бұл ақаулық болып табылмайды.

Камераның түймелері мен дискілері мəтінде белгілермен көрсетіледі.

Экранда көрсетілетін мəтін жақшаға алынады [ ] (төртбұрышты жақша).

: Абайлаңыз!

: Ақаулықтарды жою бойынша ұсыныстар

: Камераның мүмкіндіктерін толығымен пайдалану бойынша кеңестер

: Қосымша ақпарат

(xx-бет): Бетке сілтеме («xx» – беттің нөмірін көрсетеді)

Бұл Нұсқаулықта барлық функциялар үшін əдепкі мəндер орнатылған

деп қарастырылады.

Берілген Нұсқаулықта осы камерада пайдалануға болатын түрлі жад

карталары үшін ортақ «жад картасы» термині қолданылады.

CANON INC.

30-2, Shimomaruko 3-chome, Ohta-ku, Tokyo 146-8501, Japan

CANON EUROPA N.V.

Bovenkerkerweg 59-61, 1185 XB Amstelveen, The Netherlands

Ең алдымен мынаны оқыңыз

Шартты белгілер

Advertising