6сауда белгілері, Mpeg-4 технологиясын лицензиялау туралы – Инструкция по эксплуатации Canon PowerShot SX230 HS
Страница 76
Сақтық шаралары
6
Сауда белгілері
•
SDXC логотипі SD-3C, LLC корпорациясының сауда белгісі болып табылады.
•
Берілген құрылғыда Microsoft корпорациясы лицензиялаған exFAT
технологиясы пайдаланылады.
•
HDMI, High-Definition Multimedia Interface жəне HDMI логотипі — HDMI Licensing
LLC корпорациясының сауда белгілері.
•
iFrame мекеме ені мен iFrame таңбасы Apple Inc. корпорациясының сауда
белгілері болып табылады.
MPEG-4 технологиясын лицензиялау туралы
This product is licensed under AT&T patents for the MPEG-4 standard and may be
used for encoding MPEG-4 compliant video and/or decoding MPEG-4 compliant video
that was encoded only (1) for a personal and non-commercial purpose or (2) by a
video provider licensed under the AT&T patents to provide MPEG-4 compliant video.
No license is granted or implied for any other use for MPEG-4 standard.
* Талаптарға сəйкес ағылшын тілінде берілген.
•
Камера қолданылмаған кезде, аккумуляторын шығарып, бөлек қойыңыз.
Аккумулятор камераның ішінде қалса, электролит ағып, камераны зақымдауы мүмкін.
•
Аккумуляторды тастамас бұрын, клеммаларын таспамен немесе басқа оқшаулау
материалымен жауып қойыңыз.
Металдан жасалған басқа заттармен үйкессе, өрт шығуы немесе жарылыс орын алуы мүмкін.
•
Зарядтап болған соң немесе оны пайдаланбағанда, зарядтау құрылғысын электр
розеткасынан ажыратып қойыңыз.
•
Зарядталып жатқанда, зарядтау құрылғысының үстіне ешнəрсе (мысалы, киім) қоймаңыз.
Құрылғы электр розеткасына ұзақ уақыт қосылып тұрса, қызып жəне пішімін өзгертіп, соның
себебінен өрт шығуы мүмкін.
•
Аккумуляторды үй жануарлары жетіп алатын жерлерге қоймаңыз.
Жануар аккумуляторды тістеп алса, аккумулятордан электролит ағуы, ол қызып немесе
атылып кетуі, соның есесінен өрт шығуы немесе зақым келтірілуі мүмкін.
•
Қалтаңызда камера болса, отырмаңыз.
Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.
•
Камераны дорбаға салғанда, ондағы қатты заттар камераның экранына тимей тұру керек.
•
Камераға қатты заттар тақпаңыз.
Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.