Бірінші қолданғанға дейін, Пештің үсті - күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG564GW

Страница 8

Advertising
background image

Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі

ысып кетуі мүмкін.

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.

Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар

алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды

қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден
де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз
жеткізіңіз.

Пештің үсті - Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай

болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді

Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату түймешігін басып ұстап

тұрыңыз .

2. Дəл осы уақытта басқару тетігін сағат

бағытына қарсы бұрап, ең үлкен мəнге
қойыңыз да , төмен басып оттықты
жағыңыз.

3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін

реттеңіз.

Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс

тұрғанын тексеріңіз.

3

1

2

1

Оттық табақшасы

2

Оттық шілтері

3

От алдырғыш

Назарыңызда болсын! Басқару
тетігін 15 секундтан артық басып

тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.

8

www.zanussi.com

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: