Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560GW

Страница 5

Advertising
background image

• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.

Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп

немесе өңі кетпес үшін:
– Пештің ыдыстарын немесе басқа

заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.

– Алюминий жұқалтырды құрылғының

табанына тура қоймаңыз.

– суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл

ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.

– керек-жарақтарды алғанда немесе

орнатқанда абай болыңыз.

• Құрылғының эмаль қаптамасының

түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.

• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру

үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.

• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша

қайнатпаңыз.

• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс

құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.

• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып

немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.

• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр

қоймаңыз.

• Құйылған шойын, алюминий немесе

астына нұқсан келген ыдыстар шыны
керамика бетке сызат түсіруі мүмкін.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде
үнемі көтеріп жылжыту керек.

Қақпақ
• Қақпақтың техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
• Қақпақтың бетіне нəрсе шашыраған

кезде ашпаңыз.

• Пештің үсті мен тұмшапеш əбден

суымайынша қақпақты жаппаңыз.

• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып

кетуі мүмкін.

Күту менен тазалау

Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу

қаупі бар.

• Құрылғыны жөндеу алдында электр

желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.

• Құрылғының салқын тұрғанына көз

жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.

• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу

ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!

• Құрылғының қаптамасының сапасы

түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Құрылғының ішінде қалған майдың

немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның

орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.

5

www.zanussi.com

Advertising