Bios setup (орнату), Bios орнату мәзіріне өту – Инструкция по эксплуатации Samsung HDRV513-S01
Страница 168
3-50
BIOS Setup (орнату)
BIOS Setup (орнату) мәзірі компьютердің аппараттық құралдарын өз керегіңізге
сәйкес теңшеуге мүмкіндік береді.
Іске қоспас бұрын!
BIOS орнату мәзірін жүктеу құпиясөзін айқындау, жүктеу басымдығын өзгерту
немесе жаңа құрылғы қосу үшін пайдаланыңыз.
Қате орнатылған параметрлер компьютерлік жүйенің ақаулығына немесе
бұзылуына әкелуі мүмкін болғандықтан, BIOS теңшеу кезінде абай болыңыз.
BIOS орнату функциялары өнімнің функцияларын жетілдіру мақсатында
өзгертілуге жатады.
BIOS орнату мәзірлері мен параметрлері компьютердің үлгісіне қарай әр түрлі
болуы мүмкін.
BIOS орнату мәзіріне өту
1
Компьютерді тоққа қосыңыз.
2
Жүктеу бейнебеті (SAMSUNG логотипі) пайда болғанда, BIOS орнату мәзіріне кіру
үшін F2 пернесін басыңыз.
3
Сәлден кейін BIOS орнату бейнебеті пайда болады.
BIOS орнату параметрлері компьютердің үлгісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін.