Жуу бағдарламасын таңдау және бастау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF66070WR

Страница 11

Advertising
background image

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

салардың алдында, мына әрекеттерді

орындаңыз:

– Тағам қалдықтарын алыңыз.

– Табаға күйіп, жабысып қалған тағам

қалдықтарын жұмсартыңыз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

төменде көрсетілгендей салыңыз:

– Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе,

стакан және кәстрөл) ауыздарын

төмен қаратып салыңыз.

– Сауыт немесе терең ыдыстарды,

ішіне су жиналмайтын етіп

орналастырыңыз.

– Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

араласып кетпейтін етіп салыңыз.

– Стакандарды бір-біріне тигізбей

салыңыз.

– Кішкене заттарды ас құралдарына

арналған себетке салыңыз.

– Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас

үшін, басқа ас құралдарымен

араластырып салыңыз.

– Ыдыс-аяқтарды су барлық жеріне

тиетін етіп орналастырыңыз.

• Пластик заттар мен жабысқақ емес

материалмен қапталған кәстрөлдерге

су тамшылары тұрып қалады.

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке

салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін

етіп салыңыз.

Жуу бағдарламасын таңдау және бастау

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу

бағдарламасын таңдап, қосыңыз.
1. Құрылғыны қосыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу

бағдарламалары' тарауын қараңыз.

– Бағдарламаның тиісті индикаторы

жанады.

– Басқа бағдарламалардың

барлығының индикаторлары

сөнеді.

– Бейнебетте бағдарламаның

ұзақтығы жыпылықтайды.

– "Бағдарлама орындалып тұр"

индикаторы жанады.

4. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

– "Бағдарлама орындалып тұр"

индикаторы жанған қалпы тұрады.

Жуу бағдарламасын есік жабық

тұрған кезде де таңдауыңызға

болады. Бағдарлама түймешігін

басқаннан кейін, басқа жуу

бағдарламасын таңдауға тек 3

секунд ғана уақытыңыз бар. Осы 3

секунд өткеннен кейін жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу

бағдарламасын таңдап, қосыңыз
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу

бағдарламасын таңдаңыз.

2. Бейнебетте кешіктіріп бастау

функциясының қажетті мәні сағат

түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп

бастау функциясының түймешігін

қайта-қайта басыңыз.

3. Құрылғы есігін жабыңыз.

– Кері санақ автоматты түрде

басталады.

– "Бағдарлама орындалып тұр"

индикаторы сөнеді.

– Кері санақ аяқталған кезде, жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

– "Бағдарлама орындалып тұр"

индикаторы жанады.

Құрылғы есігі ашылса, кері санақ

кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері

санақ тоқтаған жерінен бастап

жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын есік

жабық тұрған кезде де

таңдауыңызға болады. Жуу

бағдарламасын таңдағаннан кейін,

кешіктіріп бастау функциясын

таңдауға тек 3 секунд уақытыңыз

бар. Осы 3 секунд өткеннен кейін жуу

бағдарламасы автоматты түрде

басталады.

electrolux 11

Advertising