Әркүндік қолдану, 1 жаңа тағамды мұздату, 2 мұздатылған тағамды сақтау – Инструкция по эксплуатации AEG S52900CSS0

Страница 26: 3 жібіту

Advertising
background image

Әдетте орташа суықтықты

таңдаған дұрыс.

Дегенмен, параметрді дәл тауып

орнату үшін құрылғының ішіндегі

температураның төмендегі

жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі

ашылғандығына

• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге

байланысты екендігін есте ұстау

қажет.

Егер бөлме температурасы

жоғары болса не тағам

тоңазытқыш ішіне толтыра

салынса және құрылғы төменгі

температурада тұрса, құрылғы

үздіксіз жұмыс жасап оның

қабырғасына қырау тұруы

мүмкін. Бұндай жағдайда

түймешені жоғары

температураға қойып,құрылғы

мұзын қуатты көп шығындамай,

өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік

беру қажет.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды

мұздату мен тоңазыған және

мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт

сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін орташа

температураны өзгертудің қажеті жоқ.

Дегенмен, тағамды тезірек

мұздатқыңыз келсе, температура

түймешесін максимум суықтыққа қою

үшін жоғары параметрге қойыңыз.

Бұндай жағдайда, тоңазытқыш

камерадағы температура 0°C

градустан төмен түсіп кетуі

мүмкін. Бұндай жағдай орын

алса, температура түймешесін

жылырақ параметрге әкеліп

қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі

камераға қойыңыз.

4.2 Мұздатылған тағамды

сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз

уақыт пайдаланбай барып іске қосқан

кезде, тағамды камераға салмай

тұрып, құрылғыны кем дегенде 2

сағатқа қосыңыз.

Мұздатқыштың тартпалары оралған

тағамдарды оңай және жылдам

табатын етіп жасалған. Егер өте көп

мөлшерде тағам сақтау қажет болса,

астыңғы тартпадан басқа

тартпалардың барлығын алыңыз,

астыңғы тартпа ауаның жақсы

айналып тұруын қамтамасыз ету үшін

қажет. Сөрелердің барлығына есіктен

15 мм шығып тұратын тағам салуға

болады.

Мысалы, электр қуаты өшіп

қалып құрылғы мұзы кездейсоқ

жібіп кетсе және электр қуаты,

техникалық параметрлер

кестесінің "температураның

жоғарылау уақыты" бөлімінде

көрсетілген шамадан да ұзақ

уақыт жоқ болса, тағамды

дереу тауысу не пісіріп барып

қайта тоңазыту керек

(салқындатқан соң).

4.3 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған

тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы

жұмысқа арналған уақыттың

шамасына қарай отырып, оны

тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін

тоңазытқыштан алған бетте мұздаған

қалпы пісіре беруге болады. бұндай

жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ

болады.

26 www.aeg.com

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: