Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF67060XR

Страница 7

Advertising
background image

Болдырмау түймешігі
Осы түймешіктің көмегімен жуу

бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау

функциясын біржола тоқтатуға болады.

'Жуу бағдарламасын таңдау және

бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
Бұл түймешіктердің көмегімен жуу

бағдарламасын таңдай аласыз.

Түймешіктерді қажетті бағдарламаның

индикаторы жанғанша қайта-қайта

басыңыз.

Жуу бағдарламалары туралы толығырақ

ақпаратты 'Жуу бағдарламалары'

тарауынан алыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін

осы түймешікті басыңыз. 'Multitab

функциясы' тарауын қараңыз.
Қуат үнемдеу түймешігі
Бұл функция кептіру сатысында

температураны азайтады. Қуат 10%

және 25% пайыз аралығында азаяды.

Бағдарламаның соңында ыдыс-аяқ

дымқыл болуы мүмкін. Ыдыс-аяқты

құрғату үшін құрылғының есігін ашып

қойған дұрыс.

Бұл функция жуу бағдарламаларының

барлығында бар. Түймешікті басқан

кезде, тиісті индикатор жанады.

Қуат үнемдеу түймешігі кейбір

функцияларда жұмыс істемейді. 'Жуу

бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1

сағаттан 24 сағатқа дейінгі интервал

бойынша кешіктіріп бастау үшін

қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын

таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Бейнебет
Бейнебеттен төмендегілер көрсетіледі:

• Су жұмсартқыштың деңгейін

электронды тәсілмен баптау.

• Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру

(тек multitab функциясы қосулы

тұрғанда ғана).

• Жуу бағдарламасының ұзақтығы.

• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін

қалған уақыт.

• Жуу бағдарламасының соңы.

Бейнебетте нөл көрсетіледі.

• Кешіктіріп бастау функциясы

аяқталғанға дейін қалған уақыт.

• Ақаулық кодтары.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына

әрекеттерді орындау үшін қолданыңыз:

• Су жұмсартқыштың деңгейін

электронды тәсілмен баптау үшін. 'Су

жұмсартқышты орнату' тарауын

қараңыз.

• Multitab функциясы қосылып тұрған

кезде, шайғыш зат үлестіргішті қосу/

өшіру үшін. 'Келесі жағдайларда не

істеу керек...' тарауын қараңыз

Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға

тиіс:

• Жуу бағдарламасын және/немесе

кешіктіріп бастау функциясын таңдау

және бастау үшін.

• Су жұмсартқыштың деңгейін

электронды тәсілмен баптау үшін.

• Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру

үшін.

Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрады:

– Барлық бағдарламалардың

индикаторлары жанғанда.

Қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрмайды.

– Тек бір ғана бағдарлама шамы

жанғанда.

– Бейнебетте жуу бағдарламасының

немесе кешіктіріп бастау

функциясының ұзақтығы көрсетіледі.

– Параметрлерді орнату режиміне

қайтып оралу үшін жуу

бағдарламасын немесе кешіктіріп

бастау функциясын біржола тоқтату

керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау

және бастау' тарауын қараңыз.

electrolux 7

Advertising