Кір жуғыш машинаны орнату, Су ағызатын шлангты қосу, Машинаны орнатуға орын таңдау – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0508NYW

Страница 95: Үй-жайдағы температура, Шкафтар мен жабық орындарда орнату, Қадам машинаны орнатуға орын таңдау

Advertising
background image

Кір жуғыш машинаны орнату _15

01

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

Су ағызатын шлангты қосу

Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес

береді. Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы

керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды ағызатын шлангтің сыртқы

диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір жуғыш

машинаға фабрикада жалғастырылған.

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан

кезде діріл мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған

жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне

орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш

машина аздап қозғалады. Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға жəне қатты

емес қабатқа орнатпаңыз.

Үй-жайдағы температура

Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі

машинада əрқашан (су клапанында, сорғыда жəне шлангтерде) аздаған су

қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты жəне басқа да

бөліктерді бұзуы мүмкін.

Шкафтар мен жабық орындарда орнату

Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей

болуы керек:

жандарынан — 25 мм

арт жағынан — 51 мм

жоғарғы жағынан — 25 мм

алдынан — 465 мм

Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде

465 мм кем емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау

қажет емес.

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

1-ҚАДАМ

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі

талаптарға сəйкес болуына көз жеткізіңіз:
• желдетуге кедергі келтіретін кілем жəне басқа да жапқыштар жоқ

тегіс, қатты еден;

• орын тікелей күн сəулесінің түсуінен қорғалуы керек;

• оңай желдетілу керек;

• температура 0°-тан төмен болмауы керек;

• жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс

орналасу керек;

• электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай

кең орын.

WF0500NY-02871D_KK.indd 15

2010-6-11 13:42:21

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: