Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENA34933W

Страница 12

Advertising
background image

Функцияны ажырату үшін:

1. Қалқанды төмен жылжытыңыз.

2. Шопинг функциясын ажыратыңыз.

3. Шопинг индикаторы өшеді.

Өте маңызды! Функция бірнеше

сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді.

SpacePlus тартпа
Бұл суырма жеміс-жидек пен көкөністі

сақтау үшін қолайлы.

Суырманың ішін бөлуге арналған,

қажеттілікке қарай əр түрлі орынға

қоюға болатын бөлгіштер бар.

Суырманың астында құрылғының

астыңғы бетінде түзілуі мүмкін

ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі

бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар.

Тартпаның ішіндегі бөлшектердің

барлығын тазалау үшін алуға болады.

Мұздатқыш себеттерді

мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ

алынып қалуға немесе құлап кетуге жол

бермейтін тіреуішпен жабдықталған.

Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті

өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне

жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің

алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп

мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын

келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз

орындарына қарай итеріңіз.

2

1

ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

Қалыпты жұмыс шуылы
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер

арқылы аққан кезде, сылдыраған

немесе көпіршіген тəрізді əлсіз шуыл

естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.

12 electrolux

Advertising