Қосу және пайдалану, Ыдыс жуу машинасын іске қосу, Жуғыш затты өлшеу – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston LST 329

Страница 43

Advertising
background image

KAZ

43

Қосу және пайдалану

Ыдыс жуу машинасын іске қосу

1. Шүмекті ашыңыз.

2. Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: қысқа

сигнал естіледі және дисплей мен опция индикатор

шамдары жанады.

3. Жуғыш затты өлшеңіз (төменгі жақты қараңыз).

4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу» бөлімін

қараңыз).

5. «Р» түймесін басу арқылы ыдыс-аяқ түрі мен оның

ластану дәрежесіне сәйкес жуу циклын таңдаңыз (Жуу
циклдарының кестесін қараңыз
),

«Р» түймесін басыңыз.

6. Жуу опцияларын таңдаңыз (қасындағы ақпаратты

қараңыз).

7. Есікті жабу арқылы жуу циклын бастаңыз: жуу циклының

басталғанын ұзақ сигнал білдіреді.

8. Екі қысқа және бір ұзақ сигнал жуу циклының

аяқталғанын білдіреді, сондай-ақ, дисплейде жуу

циклдарының саны жыпылықтайды. Есікті ашып, ҚОСУ/

ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз,

одан кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын

розеткадан ағытыңыз.

9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше

минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен

бастап босатыңыз.

- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы

белгілі бір белсенсіздік кездерінде автоматты

түрде өшеді.

АВТО ЖУУ ЦИКЛДАРЫ

*

: ыдыс жуу машинасының бұл

үлгісі ластану дәрежесін өлшеп, ең тиімді әрі үнемді жуу

циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін

арнайы датчикпен жабдықталған.

Датчиктің жұмысына байланысты авто жуу циклдарының

ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін.

Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу

машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш
заттың мөлшерін азайтыңыз.

Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту

Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл

жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:

будың шығуына жол бермей есікті ашыңыз да, ҚОСУ/

ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұрыңыз; құрылғы ұзақ сигнал

беріп өшеді. Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен

қайтадан қосып, жаңа бір жуу циклын және кез келген қажетті
опцияларды таңдаңыз; есікті жабу арқылы циклды бастаңыз.

Қосымша ыдыс-аяқ қосу

Құрылғыны өшірмей-ақ, шыққан буға тимеуге тырысып есікті

ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу машинасының ішіне
қойыңыз. Есікті жабыңыз: цикл тоқтаған жерінен бастайды.

Кездейсоқ тоқтаулар

Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе ток

өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе ток
қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске қосылады.

Жуғыш затты өлшеу

Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері

қолданылғанына да байланысты болады; белгіленген

мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды және

қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.

Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған

жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты

ҚОЛДАНБАҢЫЗ.

Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл

аяқталғанда құрылғы ішінде көбіктің қалуына

әкелуі мүмкін.

Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ

БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде

қолданған жөн.

Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы

нәтиже алу үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші

сұйықтық пен тұз қолданылуы керек.

А бөлігі: Жууға арналған жуғыш зат

В бөлігі: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат

1. «С» қақпағын «D» түймесін басу

арқылы ашыңыз.

2. Жуу циклдарының кестесін

қарағаннан кейін жуғыш затты

салыңыз:

• Ұнтақ жуғыш зат үшін А және В

бөліктерін қолданыңыз.

• Таблетка түріндегі жуғыш зат үшін:

циклға 1 таблетка қажет кезде,

оны А бөлігіне салып қақпақты жабыңыз; 2 таблетка қажет

болса, екінші таблетканы құрылғының түбіне салыңыз.

3. Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.

*

Тек кейбір үлгілерде бар.

Advertising