Тұмшапеш- күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560G

Страница 9

Advertising
background image

Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба

тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.

Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.

Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Тұмшапеш функциялары

Тұмшапештің төмендегідей функциялары
бар:

Тұмшапеш функциясы

Қолданылуы

Off (сөндірулі)

қалпы

Құрылғыны сөндіруге арналған.

Газ барынша көп

беріледі

Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең

жоғары параметр.

Газ барынша аз

беріледі

Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең төмен

параметр.

Тұмшапештің

шамы

Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз жарықтандыруға

арналған. Бұл функцияны қолдану үшін тұмшапеш шамының

түймешігін басыңыз.

Газ тұмшапеште тамақ пісіру

Газ пештің оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Тұмшапеш функцияларын басқару

тетігін басып, ең жоғары мəнге
қойыңыз. Оны шамамен 15 секунд
басып тұрыңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш
автоматты түрде іске қосылады.

Егер оттық от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:

1. Тетікті босатып, "off" қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, оттықты қайта

тұтатып көріңіз.

Қолдан тұтау:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі

тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.

3. Осы кезде тұмшапештің

функцияларының тетігін басып, сағат

тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мəнге қойыңыз.

4. Жалын шыққан кезде, тетікті шамамен

15 секунд басып ұстап тұрыңыз.

Тұтатқаннан кейін:
1. Тетікті босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Тетікті қажетті қызу параметріне

қойыңыз.

Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеш термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда,
газдың берілуін тоқтатады.

Тұмшапештің оттығын сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.

Аналогтық таймер

Таймердің төмендегідей функциялары
бар:
• Тəулік уақыты
• Минут операторы

9

Advertising