Бірінші қолданғанға дейін, Пештің үсті - күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG55LG

Страница 7

Advertising
background image

Тегіс пісіру науасы

Торттар мен печеньелерге арналған.

Жалпақ алюминий таба

Торттар мен печеньелерге арналған.

Гриль дефлекторы

Грильді қолданған кезде дефлекторды
қорғауға арналған.

Бұрылмалы істік

Еттің үлкен кесектері мен құс етін
қуыруға арналған.

Сақтау бөлігі

Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.

Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі

ысып кетуі мүмкін.

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.

Алғашқы тазалау

• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар

алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды

қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру

Тұмшапештің бетіндегі қалдықты күйдіру
үшін, оны қалпына қойыңыз да, бос
тұрған қалпы 45 минут қыздырыңыз.
Керек-жарақтар əдеттегіден қаттырақ
қызуы мүмкін. Осы кезде иіс шығуы
ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Пештің үсті - Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай

болыңыз. Жалынды дұрыс пайдалану
жағдайлары үшін өндірушілер
жауапкершілік көтермейді

Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату түймешігін басып ұстап

тұрыңыз. .

2. Басқару тетігін сағат тілінің бағытына

қарсы бұрап ең үлкен қалпына
қойыңыз .

3. Тұтату түймешігін босатыңыз.
4. Отты бірқалыпты жанғаннан кейін

реттеңіз.

Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс

тұрғанын тексеріңіз.

7

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: