Күтіп ұстау және тазалау – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDTS105

Страница 10

Advertising
background image

10

Күтіп ұстау және тазалау

Сүзгі жүйесі

Сүзгі тағамның үлкенірек қалдықтары мен басқа

заттардың сорғыға түсіп кетуіне жол бермейді. Бұл

қалдықтар кейде сүзгілерді бітеп тастауы мүмкін. Сүзгі

жүйесі ірі торлы сүзгі, жайпақ сүзгі (негізгі сүзгі) және

шағын торлы сүзгіден (ұсақ торлы сүзгі) тұрады.







Негізгі сүзгі

1

Осы сүзгі ұстап қалған тағам және қоқыс астыңғы

бүріккіш түтіктен шығатын арнайы су ағынымен

шайылады да, су төгетін түтік арқылы шығарылады.
Ірі торлы сүзгі

2

Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке

кептелуі мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы

ұсталады. Осы сүзгі ұстап қалған қоқысты алу үшін,

осы сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен қысыңыз да,

сүзгіні шығарып алыңыз.
Ұсақ торлы сүзгі

3

Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс

пен тағам қалдықтарын ұстайды және цикл кезінде

ыдыста қайта тұруына жол бермейді.

Ыдыс жуғыш машинаны әр қолданып болған

сайын, сүзгілердің бітелмегенін тексеріңіз. Ірі

торлы сүзгіні бұрап алу арқылы сүзгі жүйесін шығарып

алуға боады. Тағам қалдықтарын алыңыз да,

сүзгілерді ағып тұрған сумен төмендегіше жуыңыз:

1-ші қадам Ірі торлы сүзгіні кері бұраңыз да, жоғары

көтеріңіз.

2-ші қадам Негізгі сүзгіні жоғары көтеріңіз.

3-ші қадам Ұсақ торлы сүзгіні жоғары көтеріңіз.

Сүзгілер жинағы

Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны тазалау

керек. Сүзгі тағам қалдықтарын ыдыс жуатын судан

жақсы кетіреді де, цикл кезінде судың айналуына

мүмкіндік тудырады. Сондықтан да, әр жуу циклынан

кейін сүзгілерді ағып тұрған сумен шайып, тұрып қалған

тағамның ірірек қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі

жүйесін алу үшін ірі торлы сүзгіні кері бағытта бұраңыз

да, жоғары көтеріңіз. Сүзгі жүйесін тұтастай аптасына

бір рет тазалау керек. Ірі торлы сүзгі мен ұсақ торлы

сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз.

Содан кейін сүзгінің бөліктерін өз орнына салыңыз

да, сүзгі жүйесін қайта құрастырыңыз (“Сүзгі жүйесі”

тарауын қараңыз). Ыдыс жуғыш машинаны

ешқашан сүзгісіз қолдануға болмайды. Сүзгіні дұрыс

орнатпасаңыз, құрылғы жұмысына нұқсан келуі және

ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.

Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерін орнына қоймай

тұрып қолданбаңыз. Сүзгілерді тазалаған кезде

қаққыламаңыз. Себебі, сүзгілер майысып, ыдыс жуғыш

машинаның жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін.

Advertising