Су құбырына қосу орнату, Құрылғыны орналастыру, Су төгетін түтік – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDS 105

Страница 12: Электрмен жабдықтауға қойылатын талаптар, Электр қосылымы, Құрылғының деңгейін лайықтау

Advertising
background image

12

Электрмен жабдықтауға қойылатын талаптар

Бұл ыдыс жуғыш машина тиісті түрде қосылған жеке 220~240В
АТ, 50 Гц электр желісімен жұмыс істеуге арналған. 12 А
сақтандырғышты қолданыңыз. Тек мыс сым үшін ғана электр желі
сақтандырғышын орнату қажет. Кеш қосылатын сақтандырғыш
немесе айырып-қосқышты қолдану ұсынылады жəне тек осы
құрылғыға арналған жеке желіні қамтамасыз ету қажет. Электр
қосылымы жақын орналасқан қорапшада сақталуға тиіс.

Электр қосылымы

Қолданар алдында дұрыс жерге қосылғанын тексеріңіз.

Үйдегі электр желісінің кернеуі мен жиілігінің техникалық
ақпарат тақтайшасындағы мəндерге сай келетініне жəне
электр желісінің техникалық ақпарат тақтайшасындағы
ең үлкен жүктемені көтере алатынына көз жеткізгеннен
кейін, жерге дұрыс қосылған розеткаға ашаны сұғыңыз.
Егер құрылғыны қосқыңыз келген розеткаға құрылғы
ашасы сай келмесе, өтпелік қолданудың орнына розетканы
ауыстырыңыз, себебі өтпелік қолданғанда шамадан тыс
қызып кету немесе күйіп қалу қаупі бар.

Су құбырына қосу

Орнату

Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 19,05 мм
ағытпаға жалғап, оның орнына мықты қатайтып
бұралғанын тексеріңіз. Су құбырына қосу түтіктері жаңа
болса немесе ұзақ уақыт қолданылмаған болса, су əбден
тазарып, қоқыстан арылғанша ағызып қойыңыз. Егер бұл
сақтық шарасы орындалмаса, су құятын түтік бітеліп,
құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.

Құрылғыны орналастыру

Құрылғыны қалаған жерге орналастырыңыз. Құрылғының артқы
жағын қабырғаға тақатып, екі жағын жапсарлас жиһаздың немесе
қабырғаның бойымен орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны
орнату оңай болуы үшін оның оң не сол жағына орналастыруға
болатын су құятын жəне төгетін түтіктермен жабдықталған.

Құрылғының деңгейін лайықтау

Құрылғыны орналастырғаннан кейін оның аяқтарын (бұрау
немесе босату арқылы) құрылғының биіктігіне дəлдеу
арқылы деңгейін реттеуге болады. Дегенмен, құрылғыны 2
градустан артық еңкетуге болмайды.

Су төгетін түтік

Су төгетін түтікті диаметрі кем дегенде 400 мм ақаба су
құбырына жалғаңыз немесе түтікті майыстырмай, бүкпей

раковинаға ағатын етіңіз. Құрылғымен бірге жеткізілетін
арнайы пластик бекітпені қолданыңыз. Түтіктің бос ұшы
400 - 1000

мм аралығындағы биіктікте орналасуы жəне суға

батырылмауы керек.

Т

үтікте қалған суды қалай ағызуға болады? Егер раковина

еденнен 1000 мм биік орналасса, түтіктердегі артық суды

раковинаға тура ағызу мүмкін емес. Қалған суды раковинаның
сыртында немесе одан төмен қойылған тегешке немесе
қолайлы ыдысқа ағызу керек.

Ĩ NN

Мин

. 400

мм

Ма

кс

. 1000

мм

40

мм

Су құятын түтікте тағы да су қалып қоймас үшін,
қолданып болғаннан кейін гидрантты жабыңыз.

(

Құрылғының мына үлгілері: қауіпсіз су құятын түтікпен

жабдықталмаған).

Advertising