Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату, Бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации AEG F78022VI RU

Страница 15

Advertising
background image

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ

Параметрлерді орнату режимі

Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс.

Құрылғы іске қосылғаннан кейін

параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй жолағы

көрсетіледі.

Бейнебетте басқа жағдай орын алса, RESET

түймешігін құрылғы параметрлерді орнату

режиміне қойылғанша басыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ

бағдарламаны бастау

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз. Құрылғының

параметрлерді орнату режимінде

тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. Бағдарламаны орнатыңыз.

• Бейнебетте тиісті бағдарламаның

нөмірі жыпылықтайды.

4. Қаласаңыз, параметрлерді орната аласыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 минутқа

тең қадаммен азаятын бағдарламаның

ұзақтығы көрсетіледі.

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте

орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау

уақыты (1-24 сағат) көрсетілгенше қайта-

қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты

жыпылықтайды.

• Кешіктіру индикаторы қосылады.

3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 сағатқа

тең қадаммен азаятын, кешіктіріп

бастау функциясының кері санағы

көрсетіледі.

• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте

бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше

қайта-қайта басыңыз.

3. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.

Бағдарламаны біржола тоқтату

RESET түймешігін келесі жағдай орын

алғанша басыңыз:
• Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй жолағы

көрсетіледі.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде, үзік-үзік

дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте 0

көрсетіледі де, аяқтау индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Судың шүмегін жабыңыз.

Егер қосу/өшіру түймешігін

баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін

AUTO OFF құралы құрылғыны

автоматты түрде сөндіреді. Бұл

электр қуатын аз тұтынуға

көмектеседі.

• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан

кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.

• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін

үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

Құрылғының қабырғалары мен есігіне

су тұруы мүмкін. Тот баспайтын

болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез

салқындайды.

ҚАЗАҚ

15

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: