Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-6600

Страница 13

Advertising
background image

Қазақ

1

әсеріне, қатты шаң басуға немесе дірілге ұшырайтын жерлерге

орналастырмаңыз.

Құрылғының корпусындағы саңылау арқылы қандайда-бір бөтен заттың

түсіп кетуіне жол бермеңіз.

Ақауы анықталған жағдайда арнайы сервис орталығына апарыңыз.

Өз бетіңізше бөлшектемеңіз, құрылғының ішінде пайдаланушы қызмет

көрсететін бөлшектер жоқ.

FM антеннаны сыртқы антеннаға қоспаңыз.

Тазарту алдында, құрылғыны ашалықтан (розеткадан) ажыратыңыз.

Құрылғыны тазарту үшін ылғалды жұмсақ матаны пайдаланыңыз.

Бұл мақсаттар үшін сұйық немесе аэрозольді тазартқыш құралдарын

пайдалануға тыйым салынады.

Назар аударыңыз!

Құрылғының бұзылуын болдырмау үшін төменде келтірілген нұсқаулықты

ұстаныңыз:

Батарейді құрылғыдағы белгіге сәйкес оң-терісін сақтай отырып, дұрыс

орнатыңыз.

Егер құрылғы ұзақ уақыт ішінде пайдаланылмайтын болса, онда

батарейді алып қойыңыз.

Уақытылы батарейді ауыстырып отырыңыз.

Айнымалы ток желісіне қосылу

Бұл құрылғы айнымалы ток желісінен 220-230 В кернеуімен және 50

Гц жиілігімен жұмыс істейді. Қосар алдында, электр желісіндегі кернеу

құрылғының жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

Батарейлерден қорек алу

Бұл құрылғыда батарейлерден сақтық қорек алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл үшін келесілерді орындаңыз:

1. Құрылғыны желіден ажыратыңыз.

2. Батарей бөлігінің қақпағын ашыңыз (13).

3. Оң-терісін сақтай отырып, батарейді CR 2032, 3 В (жеткізілу жинағына

кірмейді) орналастырыңыз.

4. Батарей бөлігінің қақпағын жабыңыз.

Ағымдық уақытты орнату

1. Түймені (2) басып ұстап тұрып, уақытты орнату түймесінің (6) көмегімен

уақытты орнатыңыз.

2. Осындай жолмен, түймені (2) басып ұстап тұрып, минутты орнату

түймесінің (4) көмегімен минутты орнатыңыз.

6600IM.indd 13

25.12.2007 14:44:03

Advertising