Жуғыш заттар мен кірлер, Жуғыш зат тартпасы, Ағарту циклы – Инструкция по эксплуатации Indesit PWC 7104S

Страница 20: Кірлерді дайындау, Арнайы күтімді қажет ететін киімдер

Advertising
background image

20

KZ

Жуғыш заттар мен кірлер

Жуғыш зат тартпасы

Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың

дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым

көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде

тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде

қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны

ластауға әкелуі мүмкін.

!

Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды

қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.

Жуғыш зат тартпасын

ашып, жуғыш затты

немесе жуғыш қосындыны

төмендегідей салыңыз.

1-бөлік: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат

(ұнтақ)

Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік

алынғанына көз жеткізіңіз.

2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ

немесе сұйықтық)

Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл

уақыт қалғанда құю керек.

3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)

Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.

Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш

Қосымша 5-бөлік: бұл бөлікті сұйық жуғыш үшін

пайдалануды ұсынамыз.

Ағарту циклы

!

Әдеттегі ағартқышты төзімді ақ маталарға, ал нәзік

ағартқышты түрлі түсті маталарға, синтетика мен

жүнге қолдану керек.

Бұл опция кетпей қоятын дақтарды кетіруге ерекше

пайдалы. Қосымша

4 бөлікті (бірге беріледі) 1-бөлікке

қойыңыз. Ағартқышты құйған кезде ортаңғы өзекте

белгіленген «

max» деңгейінен асып кетпеуге назар

аударыңыз (суретті қараңыз). Ағарту циклын бөлек

іске қосу үшін ағартқышты

4-бөлікке құйыңыз, «Шаю»

бағдарламасын орнатыңыз және «Дақтарды

кетіру» опциясын қосыңыз. Жуу циклы барысында

ағарту үшін, жуғыш зат пен қолданғыңыз келетін кез

келген кондиционерді құйыңыз, одан кейін қажетті

жуу циклын орнатып, «Дақтарды кетіру» опциясын

қосыңыз. Қосымша

4 бөлік пайдаланылса, «Алдын

ала жуу» функциясы істемейді.

Кірлерді дайындау

• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:

- мата түрі/жапсырмадағы таңба

- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.

• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.

• Келтірілген мәндерден асып кетпеңіз, олар кірлердің

құрғақ кезіндегі салмағын береді:

Төзімді маталар: ең көп 7 кг

Синтетикалық маталар: ең көп 3 кг

Нәзік маталар: ең көп 2 кг

Жүн: ең көп 1,5 кг

Жібек: ең көп 1 кг

Кірлердің салмағы қандай?

1 ақжайма 400-500 г

1 жастыққап 150-200 г

1 асжаулық 400-500 г

1 монша халаты 900-1200 г

1 орамал 150-250 г

Арнайы күтімді қажет ететін киімдер

Джинсы: жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа

қаратыңыз және сұйық жуғыш зат пайдаланыңыз.

7

жуу циклын қолданыңыз.

Көйлектер: әртүрлі матадан жасалған және

әртүрлі түсті көйлектерді жуу үшін арнайы

8 жуу

циклын қолданыңыз. Ол киімдерге барынша күтім

көрсетілетінін қамтамасыз етеді және қыртыстардың

пайда болуын азайтады.

Аралас 30’:бұл жуу циклы аз кірленген киімдерді

жылдам жууға арналған: оның мерзімі – 30 минут,

сондықтан қуат пен уақытты үнемдейді.

9 жуу циклын

таңдау арқылы салқын циклды қолданып, ең көп 3 кг

салып, әртүрлі маталарды бірге жууға болады (жүн

мен жібек заттардан басқа).

Жүн: 10 жуу циклын, тіпті жапсырмасында «тек

қолмен жуу»

жазуы бар жүн киімдерін қоса,

барлық жүн киімдерін жуу үшін қолдануға болады. Ең

жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы жуғыш затты

қолданыңыз және ең көбі 1,5 кг жүгінен аспаңыз.

Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 11 жуу

циклын қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған

арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.

Перделер:

Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе

тор сөмкеге салған жөн.

11 жуу циклын қолданыңыз.

Спорттық аяқ-киімдер (12 жуу циклы): спорттық

аяқ-киімдерді жууға арналған; ең жақсы нәтижеге қол

жеткізу үшін бір уақытта 2-ден көп аяқ-киім жұбын

жумаңыз.

Сыртқы киімдер (13 жуу циклы): су тепкіш маталар

мен қысқы курткаларды (мысалы, Gore-Tex,

полиэфир, нейлон) жууға қолданылады; ең жақсы

нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты жарты

жүкке есептелген мөлшерде пайдаланыңыз; қажет

болса, жағаларды, жеңдерді және дақтарды алдын

ала өңдеңіз; кондиционерлерді немесе құрамында

кондиционер бар жуғыш заттарды қолданбаңыз. Іші

толтырылған мамық көрпелерді бұл бағдарламамен

жууға болмайды.

1

2

3

5

4

Advertising