Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру, Пайдаланушыға арналған нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации Samsung PS51E6507EU

Страница 68

Advertising
background image

Казақ - 2

Эл. нұсқаулықты қолдануға қатысты толық ақпарат алу үшін (б. 15)

Аталмыш пайдаланушыға арналған нұсқаулықтағы суреттер мен сызбалар тек жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар құрылғының

нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Өнімнің дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру

1. Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары таратылатын немесе DVB-C

(MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T

немесе DVB-C сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.

2. DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды кабельдік теледидар арқылы

қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық

Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан

оларға осы сәтте қолдау көрсетілмейді.

3. Бұл ТД, DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, аталмыш теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T

сандық жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.

4. ТД қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері көрсеткен қызметтері үшін қосымша

төлемақы алуы және олардың көрсететін қызмет шарттарына келісім беру қажет болуы мүмкін.

5. Кейбір елдерде немесе аймақтарда сандық ТД-дың кей функциялары жұмыс істемеуі және кабельдік теледидар провайдерлерінің

кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.

6. Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.

Теледидардың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің әр түрлі болуы әсер етуі

мүмкін. ТД-дың қалай жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті дилеріне немесе Samsung байланыс орталығына

хабарласып, оны ТД-ды қайта теңшеу арқылы реттеуге болатын-болмайтынын тексеріңіз.

Пайдаланушыға арналған нұсқаулар

Бейнебетте “бейненің қалып” қоюы

Плазмалы бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, видео ойындағы тәрізді), соның ішінде кішкене тұрақты көрсетіліп тұратын логотипті

бірнеше минуттан артық көрсетуге болмайды, себебі бейнебетте бейне қалып қоюы мүмкін. Бейненің бейнебетте бұлайша қалып қоюы

“бейнебеттің жанып кетуі” деген атпен де мәлім. Бейне осылайша қалып қоймас үшін, бейнебеттің жарықтылығы мен контраст деңгейін

қимылсыз суретті көрсеткен кезде азайтыңыз.

Плазмалы теледидардың үстіңгі жағының қызуы

Ұзақ уақыт іске қосылып тұрған өнімнің үстіңгі жағы қызып кетуі мүмкін, себебі панель арқылы өнімнің үстіңгі жағындағы саңылаулардан

қызу шығады.

Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы немесе өнім жұмысында ақау бар екенін көрсетпейді.

Дегенмен, өнімнің үстіңгі жағына балалардың қол тигізуіне жол бермеңіз.

Өнімнен “сыртылдаған” дыбыс шығады.

“Сыртылдаған” дыбыстың шығуына, қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы тәрізді параметрлерінің өзгеруіне

байланысты, өнімнің тартылуы немесе ісінуі себеп болады. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы бар дегенді білдірмейді.

Ұяшық ақауы

ПБП панелін жасау үшін күрделі технология бойынша жасалатын 2,360,000(HD-деңгейі) бастап, 6,221,000(FHD-деңгейі) дейінгі

пикселдерден тұратын панель қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл

пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.

Теледидарды температурасы 41°F (5°C) төмен жерлерде қолданудан сақ болыңыз

Қимылсыз бейнені ұзақ уақыт қарау, ПБП панелін біржола ақауға ұшыратуы мүмкін.

Плазма теледидарын 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр түрлілігіне байланысты орын

алатын, бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің қалып қоюына әкеліп соғуы мүмкін. DVD не видео-

ойын құрылғысын ойнату да, бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған ақаулықтар кепілдікке кірмейді.

Бейнебетте қалып қойған суреттер.

Видео ойындар немесе ДК арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен ұзақ көрсету, кескіннің бейнебетте жартылай

қалып қоюына әкелуі мүмкін.

Бұндай әсер орын алмас үшін қимылсыз бейнені ұзақ көрсетер кезде ‘жарықтылық’ пен ‘контраст’ деңгейлерін азайтыңыз.

Кепілдік

Кепілдік бейненің қалып қоюына байланысты орын алған ақаулықты қамтымайды.

Бейнебеттің "жанып кетуі" кепілдікке кірмейді.

Өнімді тиісті түрде тастау (Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары)

(Бөлек жинау жүйелері бар елдерде қол жетімді)

Өнімдегі, қосымша жабдықтардағы немесе әдебиеттегі осы белгі өнімді және оның электрондық қосымша

жабдықтарының (яғни зарядтағыш, гарнитура, USB кабелі) қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін үйдің қалдықтарымен

бірге тасталмауы керектігін білдіреді. Қалдықтардың бақылаусыз тасталуынан туындайтын қоршаған орта зақымы мен

адам жарақатынан қорғау мақсатында осы бұйымдарды өзге қалдықтардан бөлек ұстап, материалдық ресурстардың

қайта пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, оларды қайта өңдеуге жіберіңіз. Жеке тұлғалар өнімді қоршаған ортаға

зақым келтірмей жою туралы толық ақпарат алу үшін және кімге, қайда хабарласуы қажеттігін білу үшін, өнім

сатушысына немесе жергілікті билік органына хабарласуы тиіс. Заңды тұлғалар сатушысына хабарласып, сатып алу

келісім-шартының талаптарын тексергені жөн. Осы өнім мен оның электрондық қосымша жабдықтары тасталатын өзге

коммерциялық қалдықтармен араласпауы қажет.
Осы өнімдегі батареяларды дұрыс тастау

(Бөлек жинау жүйелері бар елдерде қол жетімді)

Батареяда, нұсқаулықта немесе қаптамада көрсетілген бұл белгі осы өнімдегі батареялар қызметі аяқталғаннан кейін

өзге үй қалдықтарымен бірге тасталмауы тиіс екенін көрсетеді. Белгі тұрса, Hg, Cd немесе Pb химиялық таңбалары

батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО директивасында көрсетілген деңгейлерден жоғары

екенін білдіреді. Батареяларды тиісті түрде тастамаса, бұл заттар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға

зардап тигізуі мүмкін. Табиғи ресурстарды қорғау және материалдардың қайта пайдалануын ынталандыру үшін,

батареяларды өзге қалдықтардан тыс ұстап, жергілікті батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта өңдеңіз.

[PE6500-RU]BN68-04092H-01L04.indb 2

2012-09-06 �� 2:01:06

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: