Ақаулар жəне оларды жою тəсілдері – Инструкция по эксплуатации Panasonic SD-2501

Страница 52

Advertising
background image

102

103

Қа
за

қ

Ақаулар жəне оларды жою тəсілдері

Сервистік орталыққа хабарласқанға дейін төменде берілген кестемен танысып алуыңызды сұраймыз.

Ақау

Себептері

 жою тəсілдері

Неге менің наным дұрыс
араласпады?

Сіз араластыруға арналған қалақшаны нан пісіруге арналған қалыпқа салған жоқсыз.

Ингредиенттерді енгізгенге дейін қалақшаның қалыпта бар екендігіне көз жеткізіп

алыңыз.

Электр қуатын беруде іркіліс пайда болды немесе нан пісіру уақытында машина

тоқтатылды.

Егер машина он минуттан артық уақытқа тоқтатылған болса, онда ол сөнеді.

Сізге нан пісіруді қайта іске қосуға тура келеді, алайда бұл егер араластыру басталып
кеткен болса, теріс нəтижелерге алып келеді.

Менің наным піскен жоқ.

Қамыр дайындау мəзірі таңдалды.

Қамыр дайындау мəзірінде пісіру үрдісі болмайды.

Электр қуатын беруде іркіліс пайда болды немесе нан пісіру уақытында машина

тоқтатылды.

Егер құрылғы он минуттан артық уақытқа тоқтатылған болса, онда ол сөнеді. Егер

қамыр көтерілген жəне біраз тұрған болса, оны сіздің пешіңізде пісіріп көруге болады.

Су жеткіліксіз болды жəне қозғалтқыштың қорғаныс қондырғысы автивтендірілді. Бұл

құрылғының жұмысы шамадан тыс болғанда ғана орындалады, қозғалтқышқа шекті
қуаттылықта жұмыс істеуге тура келді.

Кеңес алу үшін сатушыға немесе серви орталығына хабарласыңыз. Келесіде рецептті

тексеріп, қоса берілген өлшеуіш кесенің көмегімен ингредиенттердің дұрыс мөлшерін
өлшеңіз.

Сіз араластыруға арналған қалақшаны орнатуға ұмытып кеттіңіз.

Алдымен қалақшаны орнатқаныңызға көз жеткізіп алыңыз (82 бет).

Нан пісіруге арналған қалыптағы араластыруға арналған нығайтқыш білік айналмайды.

Илеуге арналған нығайтқыш білік қалақшаны салған кезде айналмайтын болса,

нығайтқыш біліктің блогын ауыстыру керек (сатушыға немесе Panasonic сервис-
орталығына барыңыз).

Қамыр нан пісіруге арналған
қалыптың түбінде ағып кетеді.

Қамырдың шамалы мөлшері желдету

саңылауларынан ағып шығатын болады
(алайда бұл кезде айналатын бөліктер
айналуын тоқтатпайды). Бұл жарамсыздық
болып табылмайды, бірақ кейде илеуге
арналған нығайтқыш біліктің дұрыс айналып
тұрғандығын тексеру керек.

Егер бекіту валы қалақты бекіткен кезде

айналмаса, бекіту валының блогын
ауыстыру қажет болады (сатушыға немесе
Panasonic қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз).

Желдету саңылаулары
(барлығы 4)

(нан пісіруге арналған қалыптың асты)

Нығайтқыш білік

Нығайтқыш біліктің блогы

№ ADA29E165 бөлігі

Нанның шеттері түсіп кеткен
ал төменгі бөлігі суланған.

Сіз нанды нан пісіруге арналған қалыпта пісіріп болғаннан кейін өте ұзақ уақытқа тастап кеттіңіз.

Нанды піскеннен кейін бірден суырып алыңыз.

Электр қуатын беруде іркіліс пайда болды немесе нан пісіру уақытында машина

тоқтатылды.

Егер машина он минуттан артық уақытқа тоқтатылған болса, онда ол сөнеді. Нанды

сіздің пешіңізде пісіріп көруге болады.

Араластыруға арналған
қалақша шу шығарады.

Бұл қалақша білікте қозғалатын болғандықтан (бұл жарамсыздық болып табылмайды).

Нан пісірген кезде мен күйген
иісті байқаймын.

Бу шығуға арналған
саңылаудан түтін шығады.

Ингредиенттер қыздыратын элементке түсіп кетуі мүмкін.

Кейде ұнның кішкене бөлігі, мйіз немесе өзге де ингредиенттер нан пісіруге арналған

қалыптан араластыру кезінде аздап шашылуы мүмкін. Нан піскеннен кейін, нан пісіргіш
суыған соң элементті жайлап сүртіп алыңыз.

Қалыпты нан пісіргіштен оның ішіне ингредиенттер салу үшін суырып алыңыз.

Ақау

Себептері

 жою тəсілдері

Нанды пісіруге арналған
қалыптан шығарған кезде
араластыруға арналған
қалақша нанның ішінде
болады.

Қамыр өте тығыз.

Нанды дұрыстап суытып алыңыз, содан кейін қалақшаны алып шығыңыз. Ұнның Дайте

хлебу полностью остыть и потом вынимайте лопатку. Ұнның кейбір типтері басқаларына
қарағанда суды көбірек сіңіріп алады, сондықтан қосымша 10-20 мл мөлшерінде су
қосып көріңіз.

Қабық қасықтың астында түзілді.

Қалақша мен оның білігін əр қолданғаннан кейін жуыңыз.

Қабығы майысады жəне
салқындатқаннан кейін
жұмсарып кетеді.

Нанда піскеннен кейін қалып қоятын су буы оның қабығына өтіп, оны аздап жұмсартып

жіберуі мүмкін.

Су буының мөлшерін азайту үшін су мөлшерін 10-20 мл-ға азайтып немесе қант

мөлшерінің жартысын алып тастап көріңіз.

Нанымның қабығын қалай
қытырлақ етуге болады?

Нанды қытырлақ етіп жасау үшін 08 (SD-2500: 07) мəзірін немесе ‘Темная’ (Қара) нан түсі

параметрін қолданыңыз, немесе оны 200°C/газ дəрежесінде 6 таңбасы қосымша 5-10
минут пісіріңіз.

Менің наным жабысқақ жəне
тілімдері тегіс емес.

Кескен кезде ол өте ыстық.

Нанның құрамындағы барлық ыстық бу шығу үшін оны кескенге дейін тордың үстінде

сууына мүмкіндік беріңіз.

Нан алу мүмкін емес.

Егер нанды қалыптан оңай алып шығу мүмкін болмаса, оны күйіп қалмайтын жəне өртеніп

кетуі мүмкін емес бақыланатын орынға суыту үшін 5-10 минутқа қоя тұрыңыз. Содан кейін
қолыңызға қолғап киіп, нанға арналған қалыпты бірнеше рет сілкілеңіз. (Нанның түсуіне
кедергі келтірмес үшін тұтқасын төменгі жағында ұстаңыз).

Варенье пісірген кезде, күйіп
кеткен немесе илеу бұйымы
қысып қалған, сондықтан ол
шықпайды.

Жидек мөлшері тым аз болған немесе қанттың мөлшері тым көп болған.

Нан салғышты раковинаға салып, оны жартылай жылы сумен толтырыңыз. Қоспада

пісірілген заттар немесе илеу бұйымдары босағанға дейін нан салғышты батырып
қойыңыз. Күйген зат алынғаннан кейін, оны жұмсақ губкамен жуыңыз. Ыстық судан
абай болыңыз.

Варенье қайнап тасып кетті.

Тым көп жидек немесе қант қолданылған.

Тек 97-98-беттегі рецептілерде көрсетілген жидек жəне қант мөлшерін қолданыңыз.

Варенье тым сұйық жəне
мықтап қоюланбаған.

Жидек аз немесе тым пісіп кеткен.

Лимон қышқылы немесе қант тым көп азайтылған.

Пісіру уақыты жеткіліксіз болды.

Пектин мазмұны аз жидек қолданылған.

Сұйық вареньені десерттерге соус ретінде қолданыңыз.

Вареньені толығымен суытып алыңыз. Варенье суыған сайын қоюлана береді.

Мұздатылған жидектерді
қолдануға болады ма?

Оларды қолдануға болады.

Вареньеге қанттың қандай
түрін қолдану керек?

Ақ құйылған немесе түйіршіктелген қант қолдануға болады.

Сары қант, диеталық қант жəне калориясы аз қант немесе жасанды қант затын
қолданбаңыз.

Варенье жасаған кезде
спиртте маринадталған
жидектерді қолдануға болады
ма?

Оларды қолданбаңыз. Сапасы қанағаттанарлық болмайды.

Жидекті шəрбатта жасаған
кезде жидек жарамсыз
болады.

Пісіру уақыты тым ұзақ болды. Жидек қатты пісіп кеткен болуы мүмкін.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: