Ұрлықтан қорғау бойынша нұсқаулық, Ұрлықтан қорғау бойынша, Нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации LG LGM320 X power 2

Страница 368

Advertising
background image

Қосымша

120

Ұрлықтан қорғау бойынша
нұсқаулық

Құрылғыңыз рұқсатсыз зауыттық параметрлеріне қайтарылған

жағдайда, оны басқа адамдар қолданбас үшін құрылғыңыздың

параметрлерін орнатыңыз. Мысалы, құрылғыңыз жоғалса, ұрланса

немесе жойылса, құрылғыны сіздің Google есептік жазбаңыз немесе

экранды құлыптау ақпараты бар адам ғана пайдалана алады.
Құрылғыңыздың қорғалғанына көз жеткізу үшін қажет талаптар:

Экран құлпын орнату: егер құрылғы жоғалса немесе ұрланса,

бірақ сізде экран құлпы орнатылған болса, экран құлпы

ашылмайынша, «Параметрлер» мəзірі арқылы құрылғыны өшіру

мүмкін емес.

Google

есептік жазбасын құрылғыға қосу: егер құрылғы жойылса,

бірақ онда Google есептік жазбасы болса, Google есептік жазбасы

туралы ақпарат қайта енгізілмейінше құрылғыны орнату процесін

аяқтау мүмкін емес.

Құрылғыңыз қорғалғаннан кейін зауыттық параметрлерді қайта

орнату қажет болған жағдайда экран құлпын ашуыңыз немесе

Google

есептік жазбасының құпия сөзін енгізуіңіз қажет. Ол сіздің

немесе сіз сенім білдіретін əлдекімнің қалпына келтіру процесін

орындауын қамтамасыз етеді.

Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру алдында құрылғыға

қосқан Google есептік жабасы мен құпия сөзін ұмытпаңыз. Реттеу

кезінде есептік жазба ақпаратын бере алмасаңыз, зауыттық

параметрлерді қалпына келтіру əрекетін орындағаннан кейін

құрылғыны мүлдем пайдалана алмайтын боласыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: