Wimax ережелері нұсқаулығы – Инструкция по эксплуатации Sony VPCSE2F1E

Страница 55

Advertising
background image

55

KZ

WiMAX ережелері нұсқаулығы

(тек ендірілген WiMAX функциялары бар модельдер үшін)

Берілім

2500 МГц

Пайдалану шарттары

Бұл жабдық сұйық кристалды экран мен пайдаланушы арасында 15 мм-ден артығырақ
қашықтықта пайдалануға арналған.
WiMAX желісін сізге немесе басқаларға қауіп тудыруы мүмкін радио кедергі жасайтын
ортада пайдаланбаңыз, атап айтқанда:

Заңмен тыйым салынған аймақтарда. Барлық арнайы ережелерді орындаңыз жəне
барлық белгілер мен ескертулерді сақтаңыз.

WiMAX желісін ықтимал жарылғыш орта бар аймақта пайдаланбаңыз. WiMAX
желісін отын толтыру орнында немесе қызмет көрсету станциясында, отын
қорларының (отын қоймасы жəне тарату аймақтары), химиялық зауыттардың
немесе жару əрекеттері жүріп жатқан аймақтарды пайдаланбаңыз.

WiMAX желісін келесі орталарда пайдалануға рұқсат етілмеген: медициналық
жəне өмірді сақтау жабдығы (ауруханалар, жекеменшік клиникалар, т.б.).
Медициналық жабдыққа радио кедергі тиюі мүмкін.

Ұшақта, жерде немесе əуеде.

Көлікті жүргізгенде.

Қабылдамау хабарламасы

Сымсыз байланыстың берілім жəне қабылдау сипаттарына байланысты деректер кейде
жоғалуы немесе кідіртілуі мүмкін. Бұл радио берілім жолының сипаттамаларының
өзгерістерінен туындайтын радио сигнал күшінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

Sony компаниясы WiMAX арқылы тасымалданған немесе қабылданған деректердегі
кідірістерден немесе қателерден я болмаса WiMAX желісінің мұндай деректерді
тасымалдамауынан немесе қабылдамауынан туған кез келген түрдегі зақымдарға
жауапты болмайды.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: