Сымсыз wan стандарттары бойынша нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации Sony VPCSE2F1E

Страница 54

Advertising
background image

54

Сымсыз WAN стандарттары
бойынша нұсқаулық

(тек ендірілген сымсыз WAN функциялары бар модельдер үшін)

Берілім

UMTS/HSPA: 900/2100 МГц
GSM/GPRS/EDGE: 900/1800 МГц

Пайдалану шарттары

Бұл жабдық сұйық кристалды экран мен пайдаланушы арасында 15 мм-ден артығырақ
қашықтықта пайдалануға арналған.
Сымсыз кең ауқымды желіні сізге немесе басқаларға қауіп тудыруы мүмкін радио
кедергі жасайтын ортада пайдаланбаңыз, атап айтқанда:

Заңмен тыйым салынған аймақтарда. Барлық арнайы ережелерді орындаңыз
жəне барлық белгілер мен ескертулерді сақтаңыз.

Сымсыз кең ауқымды желіні ықтимал жарылғыш аймақта пайдаланбаңыз.
Сымсыз кең ауқымды желіні отын толтыру орнында немесе қызмет көрсету
станциясында, отын қорларының (отын қоймасы жəне тарату аймақтары),
химиялық зауыттардың немесе жару əрекеттері жүріп жатқан аймақтарды
пайдаланбаңыз.

Сымсыз кең ауқымды желіні келесі орталарда пайдалануға рұқсат етілмеген:
медициналық жəне өмірді сақтау жабдығы (ауруханалар, жекеменшік клиникалар,
т.б.). Медициналық жабдыққа радио кедергі тиюі мүмкін.

Ұшақта, жерде немесе əуеде.

Көлікті жүргізгенде.

Қабылдамау хабарламасы

Сымсыз байланыстың берілім жəне қабылдау сипаттарына байланысты деректер кейде
жоғалуы немесе кідіртілуі мүмкін. Бұл радио берілім жолының сипаттамаларының
өзгерістерінен туындайтын радио сигнал күшінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
Sony компаниясы сымсыз WAN арқылы тасымалданған немесе қабылданған
деректердегі кідірістерден немесе қателерден я болмаса сымсыз кең ауқымды желінің
мұндай деректерді тасымалдамауы немесе қабылдамауынан туған кез келген түрдегі
зақымдарға жауапты болмайды.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: