Инструкция по эксплуатации Sony VPCSE2F1E

Страница 46

Advertising
background image

46

Үш өлшемді суреттерді қарағанда

Үш өлшемді бейне суреттерді көргенде VAIO компьютерімен бірге берілетін
нұсқаулықтарды орындаңыз.

Үш өлшемді бейне суреттерді қарағанда немесе стереоскоптық үш өлшемді
ойындарды ойнағанда, кейбір адамдар ыңғайсыздық (мысалы, көздің ауруы,
шаршау немесе құсқысы келу) сезуі мүмкін. Sony компаниясы барлық
көрермендерге үш өлшемді бейне суреттерді қарағанда немесе стереоскоптық
үш өлшемді ойындарды ойнағанда тұрақты үзілістер жасауды ұсынады. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі əр адамда əр түрлі болады. Қайсысы ең жақсы
екенін сіз шешесіз. Егер қандай да ыңғайсыздықты сезсеңіз, ыңғайсыздық кеткенше
үш өлшемді бейнесуреттерді қарауды немесе стереоскоптық үш өлшемді
ойындарды ойнауды тоқтату керек; қажет деп ойласаңыз, дəрігермен кеңесіңіз.

Сондай-ақ, компьютермен бірге пайдаланылатын кез келген басқа құрылғының
немесе бағдарламаның нұсқаулығын қарауыңыз керек.

Жас балалардың (əсіресе алты жасқа толмаған) көруі əлі де дамып жатады.
Балаларыңызға үш өлшемді бейне суреттерді қарауға немесе стереоскоптық үш
өлшемді ойындарды ойнауға рұқсат берместен бұрын дəрігермен (мысалы,
педиатр немесе көз дəрігері) кеңесіңіз. Үлкендер балалардың жоғарыда тізілген
кеңестерінің орындалуын бақылауы керек.

Тек VAIO ноутбуктары

Сымсыз мүмкіндіктерді пайдалануда əуе жолындағы шектеулерді тексеріңіз жəне
сақтаңыз.
Егер əуе жолында сымсыз функцияны пайдалануға тыйым салынған болса, ұшаққа
кірместен бұрын компьютердегі WIRELESS қосқышты өшіріңіз. Егер компьютер
WIRELESS қосқышымен жабдықталмаса, тапсырмалар жолағындағы VAIO Smart
Network
белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен басыңыз жəне барлық сымсыз
байланысты ажырату үшін опцияны таңдаңыз. Сымсыз байланыс функциясын шұғыл
ажырату керек болса, компьютерді ажыратыңыз.
Радиотолқындар ұшақ жабдығының дұрыс жұмыс істемеуін тудырып, қауіпті апатқа
əкелуі мүмкін.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: